Қазақстанда NOMAD MMA аралас жекпе-жегінен «Алтын бала» әлем чемпионаты өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда NOMAD MMA аралас жекпе-жек өнері бойынша балалар арасында «Алтын бала» әлем чемпионаты өтті.

NOMAD ММА Республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев бұл чемпионат Nomad MMA Бүкіләлемдік федерациясының және Қазақстанның жекпе-жек өнері Республикалық Одағы жариялаған Балалар спортын дамыту жылы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.
null 

Турнирге түрлі елдерден 10-17 жас аралығындағы 530 спортшы бала қатысқан.

Сайыс қорытындысы бойынша 38 медаль еншілеген қазақстандық спортшылар командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орында - Ресей командасы. Ал үздік үштікті Өзбекстандық өрендер түйіндеді.

Айта кету керек, бұндай деңгейдегі чемпионатты өткізу үшін әр түрлі жастағы балаларға арнап дайындықтың әдістемесін жасауға, сайыс ережелерін қабылдауға, төрешілік негіздерін қалыптастыруға 12 жылдан астам уақыт кеткен. 9-12 жастағы балаларға және 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге баса назар аударылды. Оларды мүмкіндігінше жарақаттан қорғауға күш жұмсалды.
null 

Г. Гаджиевтің айтуынша, Nomad MMA Қазақстанда жеке спорт түрі ретінде танылған және бұл көпжылдық жұмыстың маңызды нәтижесі саналады.

Сайыс соңында Республикалық федерацияның президенті Гаджи Гаджиев NOMAD MMA стилінің негізін қалаушы Сергей Анға Ұлттық Олимпиада комитетінің NOMAD MMA-ды жеке спорт түрі ретінде танығаны туралы сертификатты табыстады. 

null 

Соңғы жаңалықтар