Қазақстанда неміс тілінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы әзірленбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы орта мектептерде неміс тілін оқытудың жаңартылған мазмұнының типтік оқу бағдарламасы әзірленуі ықтимал. Бұл туралы «Қазақстандық «Возрождение» немістер бірлестігі» қоғамдық қорында өткен қамқоршылық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында ғана өздеріңіз білетіндей, неміс тілін мектептерде оқыту мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өткен болатын. Ол жиында нақты ұсыныстар әзірленген. Қамқоршылық кеңес әзірлеген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жолдадық. Ол ұсыныстардың ішінде орта мектептерде неміс тілін оқытудың жаңартылған мазмұнының типтік оқу бағдарламасын құру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, қосымша әдебиеттер туралы жазылған. Сонымен қатар, ол ұсыныстардың ішінде мұғалімдерді (неміс тілінен - авт.) қайта даярлау мәселесі де қамтылған. Біз осы мәселені Білім және ғылым министрлігінің алдына қойып отырмыз», - деді басқосуда мәжілісмен, «Қазақстандық «Возрождение» немістер бірлестігі» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Альберт Рау.

Депутат осы жылдың аяғына дейін тілдік конференция өткізілетінін, ол жиында тек осы мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты іс-әрекеттердің кешені сөз болатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар