Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,8% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 879,3 млрд. теңгені құрады.

Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,8% -ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі қаңтар-мамыр айларында тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда (54,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (12,7%), тасымалдау және қоймалау (7,3%) болды. Ірі кәсіпорындар инвестицияларының көлемі 2 451 млрд. теңгені құрады.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар