Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8% өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2018 жылдың қаңтар-қазанында 8631,1 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 20,8% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде  инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі - 6 301,2 млрд теңге.

Қаңтар-қазанда машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне бағытталған инвестиция 11,1% -ға жоғарылаған.

Инвестициялау үшін басым салалар кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (42%), көлік және қоймалау (12,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,9%). Ірі кәсіпорындардың инвестиция көлемі 4875,2 млрд теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар