Қазақстанда негізгі капиталға деген инвестициялар қаңтар-мамырда 25,3 процентке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға деген инвестициялар көлемі 2018 жылдың қаңтар-мамырында 3465 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,3 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлтттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Осы кезеңде инвестицияның басым бөлігін шаруашылық субъектілерінің жеке қаржылары құрап отыр. Олардың мөлшері 2585 млрд теңгеге жетті.

Қаңтар - мамырда құрылыс пен ғимараттарды жөндеуге бағытталған инвестициялық салымдар 13,2 процентке ұлғайды.

Негізгі капталға деген инвестицияның басым үлесі тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеуге (45,3 процента), жылжымайтын мүлік бойынша операцияларға (13,9 процента) және көлік пен қойма жұмыстарына (12,3 процента) бағытталған.

Ірі кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі қаңтар-мамырда 2073,6 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар