Қазақстанда Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз мейрамы - терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мереке. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру болуға тиіс. Осыған сәйкес Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді», - деді Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Наурыз мейрамын тойлауды заман ағымына қарай жаңа форматқа ауыстыратын уақыт келді.

«Наурыз тату көршілік пен жергілікті қауымдастықтардың мерекесі. Бұл тұжырымдаманы аулаларда, қоғамдастықтарда, отбасыларда тойлауды оқшаулап, қазіргі әлемнің урбанистік жағдайларына бейімдеу ұсынылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар