+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстанда Нан күні тойланады

2019 жылғы 27 қыркүйек 16:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Нан күні тойланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар қазан айында - Нан күнін, ал қарашада - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты АШМ жауапты хатшысы пікір білдірді АШМ басшысы нан қаншалықты қымбаттайтынын айтты

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 691 қаулысына қол қойылды. Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын:

«36-2. Нан күні – 16 қазан»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT