Қазақстанда МЖӘ аясындағы жобаларға жіті сараптама жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Талғат Тұрсынбаев МЖӘ аясында биыл қандай мақсат көзделіп отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жоспарланып жатқан жобалар саны 400-ден асады. Бірақ бұл жобалардың барлығын дәл биыл жүзеге асырамыз деген жоспарымыз жоқ. Екіншіден, алдымызда МЖӘ тетігін одан әрі дамыту міндеті тұр. Бұл – өте үлкен мәселе. Мұның бір тұсы цифрландыру болса, екінші жағы – жобаларды жоспарлау сатысындағы сарапшылардың жасап жатқан қызметінің сапасын көтеру. Үшінші мәселе – атқарылған жобаларды пандемиядан кейін қайта қарастыру, кейбір жобалардың әрі қарай жүзеге асырылуының тиімділігін сараптау. Бұл – күрделі процесс, сараптау барысында жағдай келісімшартты бұзуға дейін жетуі мүмкін», - дейді Талғат Тұрсынбаев Үкіметтің баспасөз қызметінің маманына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, пандемияға дейін өзекті болған көптеген мәселеге қазіргі экономикалық жағдайда бюджеттен ақша бөлу қаншалықты тиімді екені қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар