Қазақстанда мұнай, табиғи газ және металл өндірісі ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,7 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-тамызда 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайған. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндіріс көлемі артты.

Сонымен бірге, негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру қарқыны төмендеді. 

Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің өсімі республиканың 13 өңірінде байқалды.

 

Соңғы жаңалықтар