Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында мұнай өндіру көлемі артты. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі арты. Сонымен бірге, негізгі фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі төмендеді», - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

Соңғы жаңалықтар