Қазақстанда мұнай өндіру 6,3% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру 2018 жылғы қаңтар-қараша аралығында 70,628 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 11,75 млн тонна (былтырғыдан 2,9 пайызға аз), табиғи газ - 50,48 млрд текше метр (+4,9 пайыз), көмір - 106,233 млн тонна (+4,8 пайыз) болған.

Сондай-ақ, темір рудалары - 38,72 млн тонна (+8,9%), жез рудалары - 94,705 млн тонна (+7,4%), құрамында алтыны бар рудалар 19,208 млн тонна (+4,2%), хром қоспасы - 4,544 млн тонна (+7,9%) көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар