Қазақстанда мұнай өндірісі алғашқы жартыжылдықта 7,6% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 38,527 млн тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,6 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде газ конденсаты 6,629 млн тонна (былтырғы жылдың қаңтар-маусымынан 0,9 пайызға аз), табиғи газ - 28,516 млрд текше метр (+8,6 пайыз), көмір - 55,014 млн тонна (+4,5 пайыз), темір рудалары - 20,945 млн тонна (+4,5 пайыз), жез рудалары - 49,975 млн тонна (+3,6 , пайыз), құрамында алтыны бар рудалар 10,335 млн тонна (+11,7 пайыз), хром қоспасы - 2,353 млн тонна (+6,4 пайыз) көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар