+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

2020 жылғы 30 қараша 17:34
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысының машина жасау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.

Ұқсас жаңалықтар
Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды Өткен жылы Қазақстан зауыттарында 5 мыңнан астам техника шығарылды

Келісімге қол қою рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «PSA» ЖШС бас директоры Бекет Ізбастин, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) жобасының басшысы Эдвин Блом, Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басшысы Ричард Хоув және Теңізшевройл (ТШО) жобасының басшысы Имер Боннер қол қойды.

Орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары мен сервистік орталықтар ашу, инвестициялық қызметті қолдау арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшауландыру болып отыр.

Бұл бастама отандық тауар өндірушілерге қосымша қолдау көрсетеді және мұнай-газ жобаларының операторлары өткізетін сатып алу үдерісіне олардың барынша тартылуына ықпал ететін болады. Орталықты құру кезінде «Шелл» және «ЭНИ» компаниялары құрған осындай зерттеулер мен жобалар орталықтарының жұмыс тәжірибесі пайдаланылатын болады. Орталықты мұнай-газ жобаларының операторлары қаржыландырады және ол коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін болады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT