Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алу құқығының іске асырылуы зерттеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше жылда Қазақстан арнайы білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін оларға білім алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында жағдайлар жасаудан алға қадам басып отыр.

Елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 138 513 адам бар, бұл бала тұрғындардың жалпы санының 2,8 пайызын құрап отыр. Қазірдің өзінде елімізде шамамен 39 арнайы балабақша мен 106 арнайы мектеп жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдауды 17 оңалту орталығы, 133 психологиялық-педагогикалық коррекциялау кабинеті, мектеп жанындағы 558 логопед пункті көрсетіп отыр.

Қазақстанда инклюзивтік білім алуды жоғары кәсіби деңгейде толық көлемде және барлық жерлерде енгізу үшін бірінші кезекте жалпы білім беретін ұйымдардың инклюзивтік білім беруді іске асыру қажеттіліктері мен оған даярлығын анықтау қажет. Осыған байланысты, «Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» қоғамдық қоры әр баланың сапалы білім алу құқығын жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстанның білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алу құқығының іске асырылу дәрежесін зерттеу» тақырыбындағы жалпыреспубликалық әлеуметтік зерттеуді жүргізеді. Ол сонымен қатар шалғайдағы ауылдарды есепке алғанда, 300-ден астам елді мекенді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар