+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 10 мың бала мектепке мүлдем бармайды - министр

2018 жылғы 9 қазан 11:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 10 мың бала мектепке мүлдем бармайды - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова инклюзивті білім беру саласын жақсарту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні 147 мыңнан астам бала ерекше білім беру қажеттіліктеріне тәуелді. «Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30%, орта білім беретін ұйымдардың 70% сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40%-інде инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарға алынған», - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, балабақшалардың 15% және мектептердің 55%-де инклюзивті білім беру жағдайлары жасалған, оларда ерекше білім беруді қажет ететін 40 мыңнан астам бала оқып, тәрбиеленіп жатыр.

«Сонымен қатар, арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилар жалпы білім беретін мектептерге бекітілген 10 000 мүгедек бала іс жүзінде үйде оқитынын және мектепке мүлдем бармайтынын атап өтті», - дейді министр.

Осыған байланысты, министр Әбілқасымова Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында кадрлардың жетіспеушілігі, жүйені әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT