Қазақстанда мүгедектікті пациенттің қатысуынсыз сырттай анықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде азаматтардың мүгедектігін пациенттің қатысуынсыз сырттай анықтайтын болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мүгедектікті сырттай анықтау бірнеше аймақта, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, БҚО және Қостанай облыстарында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылуда. Алдымен жергілікті емханада емделуші (пациент) туралы мәліметтер жинақталып, ол біздің министрлікке ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі», - деді Нариман Мұқышев.  

Оның айтуынша, мүгедек жандардың өтінімі мекенжайын көрсетпей орталықтандырылған тәуелсіз мамандар арқылы іске асырылады. Яғни дәрігерлер мен сарапшы мамандар өтінімнің қай жақтан келгенін білмейді, тек емделушінің ауруына қатысты мәліметтерді біледі.

«Бұл өз кезегінде адами және жемқорлықтың орын алу факторын жояды. Қазірде аталған жоба бойынша 345 өтінімге қызмет көрсетілді», - дейді ол.

Вице-министр өз сөзінің соңында әлеуметтік-медициналық сарапшылар емделушінің мүгедектігін анықтау кезінде, одан мемлекет тарапынан берілетін төлемақы мен мемлекеттік қордан әлеуметтік сақтандыру үшін тиісті құжаттардың қоса қабылданатынын айтып өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың табыс табу мүмкіндіктері қаралып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар