Қазақстанда мүгедектегі бар жандарға 25 млрд теңге жәрдемақы төленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ретінде – 25,4 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына – 6,7 млрд теңге төленді.

1 ақпандағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 521,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 165,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 48 693 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 40 180 теңге.


Соңғы жаңалықтар