Қазақстанда мүгедек балаларға шипажайға тегін жолдама берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тағы бір заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Үкімет қарауында мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасы жатыр. Оны Парламент Сенаты ҚР Үкіметі жанындағы үйлестіру кеңесімен және мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобымен бірлесе отырып әзірледі. Онда 342 позиция бойынша 38 тұжырымдамалық түзетумен 82 заңнамалық актіге ұсыныстар әзірленді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, заң жобасында кемсітушілік терминдерді алып тастау көзделген. Атап айтқанда, «мүгедек» термині «мүгедектігі бар тұлға» терминімен алмастырылады. Сонымен қатар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесі беріледі.

«Бүгінде мұндай мәртебе жоқ. Мүгедектігі бар баланың ата-анасының біріне немесе қамқоршысына шипажайлық-курорттық емделуге тегін жолдама ұсынылатын болады. Бүгінде мұндай іс-шарада заңнамалық тұрғыдабекітілген. Сонымен қатар сыртай куәландыруды енгізуді бекіту, мүгедектігі бар тұлғаны жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушінің міндетті өтемақы төлеу тетіктерін енгізу көзделуде. Бұл заңнамада шынымен де өте көп қосымша бар және таяу уақытта үлкен қоғамдық тыңдауда, Парламентте аталған заңды таныстыратын боламыз», - деді Ерлан Әукенов.


Соңғы жаңалықтар