+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

2018 жылғы 20 ақпан 17:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Жанат Омарбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұғалімдерге пайызсыз несиелер беріледі. Жергілікті жерлерде педагогтардың тұрақты жұмыс істеуі мәселесін үнемі талқылаймыз. Осы ретте әлеуметтік жеңілдіктер, еңбекақы, баспана беру тақырыптарын қарастырудамыз, алайда бұл мәселелер толық шешімін таппай келеді. Егер де халықаралық тәжірибені назарға алсақ, кейбір елдерде пайызсыз несиелер беріледі. Егер адам жұмысынан кетсе, онда ол пайызсыз жеңілдіктерін жоғалтады. Яғни, кейіннен қарызы бойынша пайызын төлей бастады. Менің ойымша, осы бағытты пысықтаған дұрыс болады», - деді Жанат Омарбекова.

Бұдан бөлек, жиын кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

«Балабақша тәрбиешілерінің мәселесі өте маңызды. Әрине, 30-40 мың теңгеге жалақығы балабақшаға жақсы білімді әрі білікті маманды тарту оңай емес. Сондықтан бұл тақырып біз үшін қиын мәселенің бірі. Осы орайда тиісті органдарға ұсыныс енгізу арқылы бұл проблеманы қарастырып жатырмыз», - деді А. Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT