Қазақстанда монополияға қарсы комплаенс құралдарын енгізу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Facebook арқылы кәсіпкерлердің шағымын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған кәсіпкерлерден көптеген өтініш түсіп жатыр, олардың айтуынша монополияға қарсы орган олардың қызметіне шамадан тыс көп араласады.

Атап айтқан жөн, монополияға қарсы ведомство әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясына қатысты бағаның өсуіне байланысты баса назар аударып отыр. Бағаның көтерілуіне қарсы күресте бөлшек сауда желілеріне қатысты қатаң шаралар қолданылады», - дейді уәкіл.

Рустам Жүрсінов бағаның негізсіз өсуі азаматтардың қалтасын қағып жатқанын мойындайды. Бірақ бағаның шамадан тыс реттелуі ең қажетті азық-түліктің тапшылығын туғызуы мүмкін деген ескерту айтады.

«Дүкен сөрелері 80-жылдардағыдай босап қалуы да ғажап емес. Бұлай кете берсе, бөлшек сауда әлеуметтік маңызы бар азы-түлік сатудан бас тартады. Өйткені бір жағынан оларды сату экономикалық тұрғыдан мүмкін емес болса, екінші жағынан, шекті бағадан асып кеткені үшін саудагер қатаң жазаланады», - деген ресми уәкіл сауда желілерінің азық-түлік тауарларының бөлшек саудасындағы үлесі мардымсыз екенін еске салады. Сондықтан бағаны реттеу шаралары күткен әсерін бермей жатыр деп санайды.

«Дамыған елдерде қазіргі заманғы форматтардың үлесі (сауда желісі) барлық бөлшек сауда нарығының орта есеппен 80%-ына жетеді, Ресейде бұл көрсеткіш 69% - ға, Беларусьте - 61%-ға, Франция мен Кореяда - 81-ға, Австрияда - 86%-ға жетті. Қазақстанда бұл деңгей 31%-ға әрең жетеді. Демек, мемлекет өзі ұсынған шекті бағаларды сақтау арқылы бақыланбайтын бөлшек сауда үшін бәсекеге қабілетсіз артықшылықтар береді. Мен бағаларды тек нарықтық әдістермен реттеуге болатынына сенімдімін. Дәл осы үшін монополияға қарсы органдар бар. Бөлшек сауданы әкімшілік жауапкершілікке тарту дұрыс емес», - деп жазды ол Facebook парақшасында. https://www.facebook.com/100047917087079/posts/284526846487883/?d=n

Кәсіпкерлердің құқығын қорғаушы монополияға қарсы комплаенс құралдарын енгізуді ұсынды.

«Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін келісе отырып, кәсіпкерлер монополияға қарсы органмен келісім жасасады. Осылайша олар «тауар нарығындағы ойын ережелерін» белгілейді. Ережені сақтаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылмайды. Ал азық-түліктің 19 түрі бойынша біз белгілі бір үстемеақыны бекітуді ұсынамыз. Бұл тасымалдау, сақтау және т. б. шығындарды өтеуге тиіс», - деді Рустам Жүрсінов.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге монополияға қарсы органның базасында талдау орталығын құру туралы ұсыныспен хат жолдағанын айтады.

«Орталықтың қызметі тауар позицияларында бағалық талдау жүргізуге және нарықта жағымсыз көріністердің пайда болу себептерін анықтауға бағытталатын болады. Бұл мемлекеттік органдар тарапынан жазалау шараларын қолданбай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсу проблемасын жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде кәсіпкерлер де тұтынушы тәрізді қалыптасқан жағдайдың кепіліне айналғанын түсінген жөн», - деп түйіндеді Рустам Жүрсінов.

Еске салсақ, жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына биржалық сауданы дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тексерулерге, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қорғау және дамытуға байланысты бірқатар тапсырма берген болатын. https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshysy-serik-zhumangaringe-birkatar-tapsyrma-berdi_a3737460
Соңғы жаңалықтар