Қазақстанда мониторингтік топтың жұмысын тоқтату мәселесі көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде карантин талаптарының жеңілдеуіне байланысты мониторингтік топ мүшелерінің жұмысын жалғастыру мәселесі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихаты барысында тілші «Елімізде карантин талаптары жеңілдеп, бизнестің қайта жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Осы орайда карантин талаптарын тексеретін мониторингтік топтар жұмысын тоқтатуы мүмкін бе?», - деген қойды.

Аталған сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Бізде нысандарды тексеру, олардың иелерін жазалау мақсаты жоқ. Себебі біз адамдардың саналылығына сенеміз. Кәсіп иесі болсын, жұмысшы болсын алдымен жеке бас денсаулығын ойлау керек. Коронавирус пандемиясы бұл адамзат үшін соңғы күрес емес. Тарихқа үңілсеңіздер әр жылдары түрлі індет әлемді әуреге салып жатады. Мониторингтік топтың қызметі еліміздің денсаулық сақтау кодексіне сәйкес реттелген», - дейді ол.

Комитет басшысының айтуынша, бүгінде аталған кодексті жүзеге асырудың ережесі әзірленіп жатыр.

«Ереже қоғамның талқысынан өтіп барып қабылданады. Содан соң ол нормативтік-құқықтық акт ретінде әділет министрлігінде тіркеледі. Яғни, мониторингтік топтың бекітілген нормативтік-құқықтық акт ережесіне сәйкес қызмет етеді. Егер бас мемлекеттік санитар дәрігер қандай да бір карантиндік талап қойса, ол талаптың бұзылмау барысын мониторингтік топ қадағалайды», - деді А. Есмағамбетова.


Соңғы жаңалықтар