Қазақстанда міндетті автосақтандыру тарифтері өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған

«Заңда икемді тарифтеу жүйесіне көшу көзделген, яғни тарифтер Қазақстан өңірлерінің нақты шығындарын ескере отырып, жыл сайын жаңартылатын болады. Шығын төмен өңірлерде тарифтер төмен болады, ал шығын көп болған жерлерде не бұрынғы деңгейде қалады, не ұлғайту үшін қайта қаралады. Икемді тарифтеу тетігі жүргізушілерді жүргізу деректеріне сүйене отырып, жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесін жыл сайын өзгертіп отырады», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңмен 2007 жылы белгіленген және сол сәттен бастап жаңартылмаған. Жүргізушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша қазіргі шығындарды талдау түрлі аймақтардағы апаттардың бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар