Қазақстанда микроқаржы ұйымдары, ломбардтар мен онлайн кредиторлардың жұмысы тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды және онлайн кредиторларды тексеруді бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың және онлайн кредиторлардың заңнама талаптарына сәйкес келуі, қаржы пирамидасының белгілерін және заңсыз банк қызметін анықтау тұрғысынан ломбардтарды тексеруді қаржы реттеушісі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 26 ақпанда берілген тапсырмасын, сондай-ақ халыққа тұтынушы несиесін беретін банктік емес ұйымдардың қызметіне ауқымды тексеру жүргізу туралы 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасын іске асыру үшін жүргізеді», елінген хабарламада.

Тексеру наурыз – маусым аралығында микроқаржы ұйымдары көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтеді. Наурызда ұйымдастыру мәселелерсы шешіліп, агенттіктің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен 39 тексеруші топ қалыптастырылды.

1 100 ломбард тексерілуі тиіс (бұл республика бойынша жалпы санынан 50%-дан асады), оның ішінде сәуірде – 424, мамырда – 323, маусымда – 353 ұйым тексеріледі. Сонымен қатар шамамен 50 онлайн кредиттеу субъектісі және 200-ге жуық микроқаржы ұйымы тексеріледі.

Бірінші кезекте тексеруші топтар ҚР Президентінің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы тапсырмасын орындау тұрғысынан тексеру жүргізеді.

«Тексеруге кірісті жылыстату және терроризмді қаржыландыруға, қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қарсы іс-қимыл, борыш жүктемесінің коэффициентіне, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшеріне және микроқарыздар бойынша шекті сыйақының мәніне, сыйақыны, айыппұлдар мен өсімпұлдарды дұрыс есептеуге, микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігінің тәртібіне қойылатын талаптар бөлігінде заңнаманы сақтау туралы деректер де тексеріледі.

Заңнама талаптарының сақталмауы, қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілері анықталған жағдайда ұйымдарға қызметін тоқтатуды қоса алғанда, заңсыз қызметі үшін жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады», делінген хабарламада.

Агенттік ломбардтардың қызметіне қойылатын бірқатар талапты күшейтті:

Ең төменгі жарғылық және меншікті капитал талаптары көтерілді, есептік тіркеу үшін құжаттар тізбесі және ломбардтардың басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына біліктілік талаптары кеңейтілді, ломбардтардың үй-жайларына талаптар күшейтілді.

Ломбардтарды есептік тіркеуді жеделдету бойынша мынадай қосымша шаралар қабылданды: республикалық дәрежедегі қалаларда және облыс орталықтарында – 2020 жылы 1 мамырға дейін, басқа елді мекендерде – 2020 жылғы 1 маусымға дейін.

Аталмыш тексерулер мен анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат ай сайынғы негізде finreg.kz және fingramota.kz сайтында, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының, Қазақстанның Ұлттық ломбардтар лигасының, «ФинТех» Қазақстан қауымдастығының, Ұлттық тұтынушылар лигасының ақпараттық арналары арқылы жұртшылықты тарта отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 09.00 – 17.00 аралығы, сенбі – 09.00 – 15.00 аралығы, жексенбі – демалыс)


Соңғы жаңалықтар