Қазақстанда металлпластика бұйымдарын шығаратын зауыт жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда металлпластика бұйымдарын шығаратын зауыт жұмысын бастады. Зауыт жұмысын бастауға бүгін ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпы ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің кешеннің қуаты еліміздің ірі мегаполисінің бүкіл қалдық көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Алматы үшін экология мәселесін шешу - адамдардың өмір сапасын жақсартудың басымдықты міндеттерінің бірі. Біз тек қана ең заманауи технологиялық шешімдерді қолданып, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені пайдалана беретін боламыз», - деді «El Invest Company» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдгар Салдузи.

Ад «Радуга» ЖШС металлпластика бұйымдары зауытының директоры Евгений Ли қайталама полимерлерді қайта өңдеу және халық тұтынатын аса қажетті тауарлар шығаратын металлпластика бұйымдары зауыты атты жаңа жобаны аяқтағандықтарын атап өтті.null 

«Шекаралық жағдайымызды ескере отырып, жаңа зауыттың барлық өнімінің 20 пайызын экспортқа шығарамыз», -деген ол  Елбасынан өндіріс ошағын іске қосуды өтінді.

ҚР Президенті бұл өндіріс ошақтарының өте маңызды екендігін атап өтті және іске қосуға рұқсат берді.

«Тек біз үшін ғана емес, сонымен бірге  бүкіләлем үшін маңызды өндіріс. Ірі қалаларда қайталама шикізаттың мол көлемін алу,қоқысты қайта өңдеу бүгінде әлемде тиімді бизнеске айналған. Біз онымен әлі айналыса қоймадық. Мұның ең үлкен қала әрі мегоаполист Алматыдан басталғаны жақсы»,- деп атап өтті Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Алматы қайта өңдеу зауытынан алынған шикізаттан полимер және басқа да өнімдер өндірілетін болады.

«Сондықтан бұл тәжірибені тарату қажет. Астанаға да және басқа да ірі қалаларға дәл осындай зауыт салу керек. Барлық қоқыс қайта өңделіп, олардан өнім шығарылуынан бизнес пайда табуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар