+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстанда мемлекеттік- жекешелік әріптестікте қанша жоба қамтылған

2019 жылғы 22 шілде 14:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мемлекеттік- жекешелік әріптестікте қанша жоба қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік- жекешелік әріптестік саласында қанша жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депозит бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме қандай Ұлттық қордың активтері $1,3 млрд өсті Қаржыны қайда салған тиімді: Қайрат Келімбетов тұрғындарға кеңес берді

«1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікте 565 жоба бекітілді. Оның сомасы 1,2 трлн теңгеге жетті. Соның 9-ы республикалық жоба болса, қалған 556-сы өңірлерге тиесілі», - деді М. Такиев.

Осы орайда жобалардың көбісі білім беру (276 жоба), денсаулық сақтау (114), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (65), мәдениет және спорт (49) салаларында қамтылған.

«Білім беру саласында негізінен балабақшалар ескерілген. Сонымен қатар, бізде студенттер үшін жатақханалардың құрылысы жоспарланған. Бұл тұрғыда Қарағанды, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жобалар бар», - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT