+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Қазақстанда мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болады

2020 жылғы 14 мамыр 16:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда келесі айдан бастап мемлекеттік қызметті QR код арқылы алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мобильділіктің тұрақты трендін есепке ала отырып, біз смартфонсыз өмірді елестете алмаймыз. Сол себепті қазір «eGov mobile» мобильді қосымшасын қарқынды түрде дамытып келеміз. Мобильді қосымшаның көмегімен қазірдің өзінде жиі сұранысқа ие 60 түрлі қызмет пен сервис қолжетімді. Ол жерде ЭСҚ-ны бармақ белгісімен бекітіп, бір түртіп қана сұраныс жолдауға болады», - деп жазады министр Facebook-тегі парақшасында.

Егер сіз бұл қосымшаны белсенді түрде пайдалана білсеңіз, QR кодты санай отырып, eGov порталына тіркелуге болады.

«Әріптестермен ақылдаса келе біз аталмыш технологияны қызметтерді алу үшін пайдалансақ дейміз. Азамат компьютер арқылы eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы QR-код көмегімен өтінім жазып, eGov-тағы қызметке сұраныс бере алады. Яғни қолданушыға NCA Layer орнатып, компьютерге ЭСҚ-ны сақтаудың қажеті жоқ», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Министр қазіргі таңда мамандар бұл қызметті жүзеге асыруға кірісіп кеткенін, кезең-кезеңмен мемлекеттік қызметтерді QR код арқылы алу мүмкіндігі кеңейтілетінін айтады.

«Мұндай қызметті келесі айда бастауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде алғашқы қызметтерді QR код арқылы алуға болады», - деп түйді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT