Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 56% – әйелдер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 56% – әйелдер. Соның ішінде 41% басшылық қызметте.

Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 56% – әйелдер. Соның ішінде 41% басшы ретінде қызмет атқарады. Демек, әйелдердің заң шығарушы органда өздерін саяси жағынан жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік бар», - дейді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, халықаралық тәжірибе бойынша – квота бөлуге қатысты екі механизм бар.

«Кей мемлекет сайлау квотасын жасаса, кей мемлекет партиялық квота жасайды. Біз екінші жолмен кетіп, партиялық квота жасадық. Бүгінде партиялық квотаны Германия қолданады. Сайлау квотасын көп жағдайда Скандинавия елдері қолданады. Олар Парламентке өткен тізім ішінде 30% әйел болуы керек деген ұстанымда, демек бізден әрі озып кетті. Біз жасаған квотаның нәтижесін бір жыл өткеннен кейін ғана біле аламыз. Ол кезде қанша әйел қандай заң процестерін талқылауға қатысқанын саралай аламыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар