+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

2020 жылғы 11 тамыз 14:54
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы» (http://program.2gov.kz/) және «Мемлекеттік БАҚ порталы» (http://news.2gov.kz/) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. ҚазАқпарат бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және тағы басқасы орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Ал Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT