Қазақстанда мектептердегі негативті сайттарға заң жүзінде шектеу қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектептерде интернетке, атап айтқанда балалардың психикасына кері әсер ететін сайттарға шектеу қойылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев биыл жазда Парламент қарауына енгізілген заң жобасының нормаларын түсіндірді.

«Жалпы білім беретін мектептер үшін талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, балалардың психологиясына кері әсер ететін порнографиялық және басқа да сайттарға шектеу қойылады. Біз мұндай шектеуді әр үйге қоя алмаймыз, бұл ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты. Алайда, мектептерде оны жасаймыз», - деді министр Facebook-ке жариялаған видеосында.

Сондай-ақ, ол БАҚ құқыққа қайшы әрекеттерден зардап шеккен балалардың жеке деректері мен суреттерін қолдануын шектейтінін хабарлады.

«Мысал ретінде қарастырайық. Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс болды делік. Дене жарақатынан бөлек, ол психологиялық тұрғыда ұзақ ем алуы керек. Егер БАҚ оның аты-жөнін, жасын жариялайтын болса, ол басқа қалаға көшіп кетсе де жұрттың назарына түсетін болады. Бұл кезде ешқандай психологиялық сауығу мүмкін болмайды», - деп атап өтті ол. 

Соңғы жаңалықтар