+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% құрайды – Бауыржан Байбек

2020 жылғы 6 ақпан 21:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% құрайды – Бауыржан Байбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі бір жылдағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Nur Otan» азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде Nur Otan жалғызбасты қарттар мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде 150 млн теңге бағыттады Шығыс Қазақстандағы 45 мектептің асханасы талапқа сай емес

Партияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеңес мүшелері былтыр еліміздің 200 елді мекенін аралап, 1300-ден астам білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын тексеріп шықты. Өңірлердегі тексеру жұмыстарының нәтижелері партиялық тыңдауда талқыланды. Жиында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек отбасын қолдау және балалар құқын қорғау партияның ұдайы назарында болатынын алға тартты.

«Бұл бағыттағы жұмыстар елімізде тәуелсіздік алғаннан бастап жүргізіліп келеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойды. Конвенцияны іске асыру бірнеше ұрпақ өміріндегі оң өзгерістерге ықпал етті. Нәтижесінде, балалар өлімі бес еседен астам төмендеді. Білім берумен, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен қамту соңғы 5 жылда 13,6% ұлғайып, 95,2% құрады. Инклюзивті білім беру дамуда, балалар үйлеріндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны соңғы 10 жылда 2 еседен астам азайды, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасты. Елімізде балалардың құқықтарын іске асыру үшін құқықтық база құрылды, оны жетілдіру жалғасын табуда», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен бірге Бауыржан Байбек 2013 жылы іске қосылған «Бақытты отбасы» партиялық жобасының елдік іске айналғанын атап өтті.

Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі өңірлерге жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер анықталды. Бұл ретте, партияның өңірлік мемлекеттік органдармен және БҒМ-мен 2 айда жедел жұмыс жүргізуінің арқасында анықталған келеңсіздіктердің 70% жойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, партияның ұдайы бақылауында болады. Бауыржан Байбек осы жұмыстар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық жүйелі мониторинг жүргізу мен мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогтың жаңа форматын орнату екендігін айтты.

Еске сала кетейік, Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес «Бақытты отбасы» жобасының аясында өткен жылдың ақпан айында құрылды. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы ҚР Тұңғыш Президенті-«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Жоба аясында балалар үйінің 1 мыңнан аса түлегі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2000 жетім балаға білім беру жинақтау салымы ашылды, қиын-қыстау жағдайдағы 270 мыңға жуық отбасыға құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT