+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейді

2020 жылғы 2 сәуір 17:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға дайындық бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Брифинг барысында вице-министр мектеп оқушыларын жаз айларында оқыту ұсынысына жауап берді.

«Төртінші тоқсанды жазға қалдырған елдер байқалмады. Біз бұл мәселені тыңғылықты зерделеп, қашықтан оқытуға дайын екенімізді көріп отырмыз . Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері мен білім басқармаларының дайындық жұмыстары өте жақсы. Алматы қаласына тоқтасақ, 10 мыңнан аса компьютерді оқушыларға уақытша пайдалануға таратып берді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол елордада компьютері жоқ 6,5 мың бала анықталғанын, соның ішінде 6,1 мың компьютер оқушылар мен мұғалімдерге таратылғанын, тағы да ноутбуктер сатып алынып жатқанын жеткізді.

«Сол сияқты басқа да әкімдіктерде де дайындық жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда дайындық тиісті деңгейде болса, қашықтан оқыту әбден қолжетімді екенін атап өткен жөн», - деді Шолпан Каринова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вице-министр Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізілетінін айтты. Сонымен қатар ол мектеп оқушыларына арналған телесабақтардың кестесі 5 сәуірге дейінгі аралықта берілетінін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT