Қазақстанда мектеп мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ата-аналарға арналған жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Ата-аналарға арналған +7 (7172) 74-18-64 жедел желісі оқу жылының бірінші тоқсанында жұмыс істейді. Онда ата-ана мектептің жарығы, ауыз сумен қамтылуы, санитарлық-техникалық жабдықталуы (қолжуғыш пен унитаз), баланың бойына сәйкес партаға орналасуы мәселелері бойынша хабарласа алады. Телефон таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін қолжетімді», - деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, жаңа оқу жылына дайындалмаған, апатты жағдайдағы, дәретханасы мен асханасы жөнделмеген мектептер жөнінде де көрсетілген жедел желіге хабарласуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин мектеп формасы мен сөмке таңдау бойынша кеңес берген болатын.


Соңғы жаңалықтар