Қазақстанда мектеп формасының ұлттық стандарты бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ағымдағы жылдың соңына дейін елімізде 3 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны іске қосылады.  Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңіл өнеркәсіпте де жағымды динамика байқалып, өсім 1,5 пайызды құрады.  «Универсал» ЖШС полипропилен өнімдерін өндіру көлемін 50 пайызға арттырып, Ресей мен Қырғызстанға өнім жеткізе бастады. «АГФ групп» фабрикасы қазіргі уақытта IKEA халықаралық бренді үшін тоқыма өнімдерін өндіруде. Соның есебінен төсек жаймаларын өндіру көлемі екі жарым есеге артты», - деді ол.

Комитет басшысының дерегінше, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия сияқты елдерге «Бал Текстиль» кілем фабрикасының кілемдерінің экспорты 43 пайыға өсті.

«Одан өзге, балаларға арналған бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған мектеп формасының ұлттық стандарты әзірленіп, бекітілді. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында осы жылдың шілде айында сүлгілер мен монша халаттарын тігетін «TumarTextile» ЖШС жобасы іске қосылды. «LuxShoes» ЖШС-ның аяқ киім өндірісі бойынша жобасы іске қосылу сатысында тұр. 2018 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіптің 3 жобасын іске қосу жоспарланып отыр», - деді Алмас Батанов.

 

Соңғы жаңалықтар