Қазақстанда медициналық қызметтерді мониторингілеудің жаңа әдісі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда медициналық қызметтерді мониторингілеудің жаңа әдісі енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқармасының төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы қор маңызды жаңалық – проактивті мониторингті енгізуді жоспароап отыр. Оның айырмашылық ерекшелігі – заң бұзушылықтар анықталған сәтте айыппұл санкцияларының жоқтығы. Жеткізуші келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 45 күннің ішінде анықталған ақауды жоюы тиіс. Оны жоймаған жағдайда экономикалық іс-шаралар қолданылады», - деді ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты медициналық ұйымдардың басшылары пациенттерді қолдау және сапаның ішкі сараптамасы қызметтерінің жұмысын күшейтуі қажет.

«Сондай-ақ медициналық құжаттамаларды толтыру дұрыстығы, дәрігерлік тағайындаудың толықтығы мен дер уақытында орындалуы бойынша орта персоналдар жұмысының сапасына жүйелі сараптама жүргізу қажет. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның басталуын ескере отырып, желілік шкаланы жаңғыртуы және осы жылдың екінші тоқсанына бастап айыпппұл санкцияларына мораторийді алып тастауды ұсынамыз», - деді Болат Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар