Қазақстанда маймыл шешегін диагностикалаудың әдістемесі әзірленіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда маймыл шешегін диагностикалаудың әдістемесі әзірленіп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маймыл шешегі бойынша 89 елде 25 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ауру аталған елдерде көбінесе жеңіл түрде өтіп жатыр. Мысалы, бүгінгі ақпаратты қарасақ, 7 елде 8 өлім жағдайы болған, яғни ауру кең тарап жатқан жерлерде - бір елде бір-бір қайғылы жағдай болған», - деді министр.

Айтуынша, қазір министрлік мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келіп жатқан әрбір ақпаратпен жұмыс істеп отыр.

«Ұйымның кеңесі - маймыл шешегіне қарсы арнайы екпе жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан, аталған ұйым тарапынан қандай да бір нұсқау болса, соны орындауға тырысамыз. Ал өзіміз осы ауруға ұқсас симптомдары бар науқастарға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Сонымен бірге, аталған аурудың диагнозын қою үшін диагностикумдар алып қоймақпыз. Өзіміздің қызметкерлерді әзірлеп, оқытып, осы ауруды емдеуге нұсқау болатын және диагностика қоюдың әдістемесін белгілейтін хаттама әзірленеді. Біздің үлкен мамандарымыз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен бірге осы бағытта жұмыс істеп жатыр»,- деді Ажар Ғиният.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өткен аптада 6,5 млн астам адам коронавирус жұқтырып, дерттен 14 мың адам көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар