Қазақстанда машина жасаушы компанияларға салық жеңілдіктері енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев машина жасау саласын дамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Машина жасау саласының дамуы – ол кез келген ел экономикасының көрсеткіші. Германия экономикасында бұл салаға 40 пайызға дейін, Ресейде 27 пайызға дейін тиесілі. Өкінішке қарай, бізде машина жасау бұл деңгейге жете қойған жоқ. Алайда соңғы жылдары осы бағытта қарқынды даму бар, сәйкесінше, импорт қысқарып, кәсіпорындар саны артып келеді. Ең бастысы – елі ішінде және шетелде өнімге сұраныс бар. Көрші елдер өздерінің машина жасау саласын белсенді түрде дамытуына байланысты бізге олардан қалыс қалуға болмайды», - деді М. Пішембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда саланы дамыту үшін қажетті әлеует пен база бар.

Машина жасау өнімі көлемін арттыру, ішкі тұтыну көлемін жоғарылату, импортқа тәуелділікті төмендету, сондай-ақ экспортқа негізделген өнімді көбейту үшін 2019-2024 жылдарға арналған Машина жасауды дамытудың жол картасы әзірленді.

«Аталған құжат үш басымдыққа негізделген. Біріншісі - өнеркәсіптік саясат туралы заңды қабылдау, екіншісі – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қорын құру. Үшіншісі – кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктерді енгізу ұсынылуда. Бұл тұрғыда қолданыстағы өндіріс қуаттарын жаңғырту мен отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға екпін қойылады», - деді Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар