14:30, 13 Тамыз 2021 | GMT +6
Қазақстанда машина құрастыру 22% артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда машина құрастыру 22% артты. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылдың 7 айының қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осындай көрсеткішке қол жеткізілген.
Өндіріс өсімі:
- автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+34,7%),
- машиналар мен жабдықтар (+37,8%),
- басқа көлік құралдары өндірісі (+37,7%),
- компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+45,8%),
- электр жабдықтары (+7,2%),
- жөндеу және орнатудың (+5,4%) артуы есебінен болды.