Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгендерге жауапкершілік күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда мас болсын, сау болсын адамды машинамен қағып мерт қылса, жаза бірдей, яғни бес жыл. Енді осыған байланысты жаңа құрам енгізіліп отыр. Мас күйінде жасалған осындай қылмыс үшін он жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылады», - деді М. Ахметжанов Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды.

Онда қасақана қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі қаралды.

Соңғы жаңалықтар