Қазақстанда «Мәңгілік Ел» пошталық маркасы шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел» маркасының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шығарылған маркалардың жалпы таралымы 7,5 мың, ал бір марканың бағасы 100 теңгені құрайды.

«Осы уақытқа дейін (Тәуелсіздіктің 25 жылы) мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық күндерге, белгілі тұлғаларға арналған мыңнан астам түрлі маркалар жарық көрді. Сондықтан бүгінгі іс-шара - біздің, қазақстандық поштаның әлеуетін арттырып, Қазақстанды серпінді дамыған ел ретінде көрсететін кезеңдердің бірі», - деді ОКҚ  баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Сәуле Егембердиева.  

Пошта маркасы перфорациясы жоталы, жиырма маркадан құралған таңбалы қағаз түріндегі 4 бояулы офсетті қағаздан жасалған. Суретшісі - Ксения Плужникова. Маркалар ҚР Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасына басылып, УФ-түстерінен қорғайтын элементтер қолданылды. 

null 

Соңғы жаңалықтар