Қазақстанда МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 16 миллионға жуықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықты МӘМС жүйесіне тарту 2020 жылғы қаңтардағы 14,9 млн адамнан 15,9 млн адамға немесе халықтың 84% дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сақтандырылғандардың басым бөлігі немесе 11,3 млн қазақстандық жеңілдікті санатқа жатады.

Егер санаттар тұрғысынан қарайтын болсақ, балалар мен зейнеткерлер басым болады, бұл - сәйкесінше 6,5 миллион және 2,2 миллион адам.

«МӘМС шегінен тыс 3 млн астам адам қалып отыр. Олар біздің жүйеміздің бір бөлігі болып, сақтандырылған азаматтармен тең дәрежеде медициналық қызметтерге кеңейтілген қолжетімділікке ие болуы үшін белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз, өйткені қазір олар тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі пакетіне ғана сене алады. Сондай – ақ, жарты миллионға жуық адам бақылауда, олар үшін тұрақты аударымдар жүрмейді», - деп атап өтті ӘМСҚ.

2020 жылдың 11 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар түрінде 494,6 млрд теңге түсті.

Экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттен транш – 272,1 млрд теңгені құрады.

Жұмыс берушілер 143,6 млрд теңге, жұмыскерлер – 63 млрд теңге, өзін – өзі төлеушілер – 1,9 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар-9 млрд теңге, азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – 2 млрд теңге, БЖТ төлеушілер-2,7 млрд теңге енгізді.

Аударымдар мен жарналардың басым бөлігі Алматы қаласына – 38,9 млрд теңге, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласына – 24,4 млрд теңге түсті.

Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі көрсеткіш - 5,5 млрд теңге.


Соңғы жаңалықтар