Қазақстанда малдың басы айтарлықтай өсті
«Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда малдың барлық түрлері бойынша өсім байқалады. Мәселен, жылқы 7,7 пайызға өсіп, 2,4 млн басты құрады. Ірі қара мал 4 пайызға артып, 7,1 млн-ға жетсе, қойдың саны 15,8 млн-ға көтерілді. Сол сияқты түйенің де саны артып отыр», - деді мал шаруашалығы департаменті директоры Азамат Сағынбаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Департамент басшысының айтуынша, ет өндіру көлемі 700 мың тоннаға жуықтады. «Ал мемлекеттік субсидияларға келер болсақ, республикалық және жергілікті бюлжеттерден 58,8 млрд теңге қарыстырылып отыр. Соның 32,5 млрд-ы асыл тұқымды мал шаруашылығына бөлінсе, 26,3 млрд теңгесі өнімділікті арттыруға арналған», - деп атап көрсетті А.Сағынбаев.