+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанда малды басқа елге сатуға тыйым салынуы мүмкін

2019 жылғы 23 қыркүйек 21:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанда малды басқа елге сатуға тыйым салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың шетелге бақылаусыз сатылуына шектеу қоймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бурабайда ет өнеркәсібі кластерін дамыту мәселесі талқыланды Қостанай облысында егін орағы аяқталды Қарағанды облысында егін жинау науқаны аяқталды

«Қазақстан еттен гөрі шетке малды экспорттай бастады. Бұл мүйізді ірі қараға да, қойға да қатысты әңгіме. Тек биылдың өзінде ірі қара экспорты екі есеге өсті. Бұл бағытта экспорт саясатын өзгерту керек», - деді сенатор Әли Бектаев Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында.

Аталмыш отырыста «Агроөнеркәсіп кешенін реттеу мәселелері бойына ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Сенатордың бұл пайымына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нақты қандай бағытқа басымдық берілгенін атап өтті.

«Бүгін біз асыл тұқымды малды экспорттауға тыйым салдық. Республикада қазіргі таңда негізінен Өзбекстанға малды экспорттайтын 78 мал бордақылау алаңы бар. Олардың алдағы уақытта 50-ге жуығына мал экспорттауға тыйым салуды көздеудеміз. Өйткені біз ағымдағы ахуалды қадағалай алмай отырмыз. Кейін жағдайды бақылауда ұстауға болады. Қазір ет өңдейтін зауыттармен келіссөздер жүргізілуде. Зауыттарға малды жеткізу мақсатында субсидия енгізбекпіз. Аталған мәселелерді шешуге бағытталатын әдістер осы. Бүгінгі таңда елімізде 175 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олардың қуаты 38-40 пайыздеңгейінде ғана», - деп түсіндірді министр.

Министрдің бұл сөзін тыңдай келе депутаттар шетелге малды экспорттауға толық тыйым салуды ұсынды. Алайда Ауыл шаруашылығы министрі бұл мәселе соңғы айларда қызу талқыланғанын, тіпті мал өсірушілердің ойын екіге бөлгенін айтады.

«Бірақ бұл мәселе қарастырылып жатыр», - деп қорытындылады Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT