Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға 100 млрд теңге бағытталмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға 100 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінбек.

Бұл туралы Алматы облысындағы шошқа шаруашылығы кешенінің ашылуында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты.

«Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға 100 млрд теңге көлемінде инвестициялық демеуқаржы жұмсалмақ. Олардың ішінде шошқа шаруашылығын дамытуға 14 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.

Гүлмира Исаеваның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда алдағы 7 жылда өнімділігі жылына 50 мың тонна болатын 26 ірі шошқа шаруашылығы кешені мен 4 сұрыптау -гибридтік орталық ашуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар