+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда

2019 жылғы 10 қараша 00:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мақта өндірушілерді қолдайтын жаңа бағдарлама жасақталуда. Осы мақсатта Ауыл шаруашылық министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың мақта өндірушілерімен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мақта егуді қысқарту керек - Өмірзақ Шөкеев Оңтүстікте мақтаның тоннасы 150 мың теңгеден қабылданып жатыр Жетісайлық шаруалар жиын-терім науқаны алдында өзекті мәселелерді талқылады

Жиын барысында мақта өндірушілері кездесетін кедергілерді кеңінен айтты. Солардың бірі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №297 бұйрығына сәйкес мақта өңдеу зауыттарына тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге субсидия төленеді. Бірақ, бүгінде тауарөндірушілерден жиналған шитті мақтаның 56%-ы мақта өңдеу зауыттарына, ал 46%-ы сатып алушы ұйымдарға (трейдерлік компаниялар) тапсырылған. Бұл ретте, сатып алушы ұйымдарға тапсырған агроқұрылымдардың шитті мақтасына субсидия төлеуге мүмкіндік жоқ. Аталмыш мәселенің мән-жайын жіті тыңдаған Рүстем Құрманов шешу жолын айтты.

«Шитті мақтаны тасымалдау қиын болғандықтан мақташылар амалсыздан трейдерлік ұйымдарға жүгінеді. Олар өз кезегінде шикізатты өңдеу үшін отандық мақта зауыттарына жеткізеді. Сондықтан субсидиялау Ережесіне өзгерістер енгіземіз, онда трейдерлерді де субсидиялауды қарастырамыз. Бұйрық қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға жіберілді. Тез арада қабылдануын қадағалаймыз», - деді вице-министр. Сондай-ақ, кездесуде Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңының күшін жою, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» қағидасының 2-қосымшасында айқындалған тізімдегі 32 өнімнің қатарына мақта шаруашылығының өнімдерін қосу, Мемлекеттік қызметтерді дамыту және АӨК цифрландыру департаменті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, сатып алынған ұжымдық шаруашылықтарды интеграциялау мәселесін пысықтау, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарапайым заттардың экономикасы жобасы шеңберінде дайындау ұйымдарына кредит беру мүмкіндігін қарастыру сұрақтары қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мақта өндірушілері көтерген сұрақтар қараусыз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, қазірдің өзінде барлық мәселелер бойынша жұмыс басталып кеткенін және аталмыш сұрақтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жіті бақылауында болатынын мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT