Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бірінші күні тестілеуді 4612 адам адам тапсырды.

Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады.

Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.

«Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі» деп ескертеді орталық.


Соңғы жаңалықтар