Қазақстанда локдаун енгізіле ме – ҚР ДСМ жауабы
2022 жылғы 18 қаңтар 20:39

Қазақстанда локдаун енгізіле ме – ҚР ДСМ жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде коронавирусқа қатысты эпидахуалдың нашарлауына байланысты локдаун енгізу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ел ауқымында локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ, қарастырылып та жатқан жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітімді азайтуға, шұғыл көмектің барлық халыққа қолжетімді болуына бағытталған», - деп жауап берді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Министр алдағы уақытта шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі деңгейде қолданылатынын айтты.

«Осы жылдар ішінде біз болжам жасауды және шектеу шараларын жоспарлауды үйрендік», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустың өршуіне байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді.


Jańalyqtar

MURAǴAT