Қазақстанда лауазымды шенеуніктер коронавирустан қай жерде емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі лауазымды шенеуніктер коронавирустан қай жерде ем алып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шенеуніктерді ауруханаға жатқызу бойынша жеке тәртіп жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің бәрі де – саяси болсын, әкімшілік қызметкерлер болсын ауру дәрежесіне қарай инфекциялық стационарларда ем алып жатыр», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ауруды орташа және жеңіл көтеріп жатқан азаматтар үйінде амбулаториялық ем алады.

«Ведомстволық ауруханаларда инфекциялық ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың бұл жұмысты жүргізетін лицензиясы жоқ. Сол себепті мемлекеттік қызметшілерге жалпы тәртіп бойынша ем жасалады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар