Қазақстанда қысымы жоғары науқастарға арналған қауіпті препараттар алынып тасталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәріханалардан құрамында валсартан атты белсенді зат бар «Вазар», «Нортиван» и «ВазарН» дәрілік препараттары сатудан алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында валсартаны бар кейбір дәрілерді қолданыстан шығару жөнінде шара қолданды.

Бұған дейін халықаралық реттеуші ұйымдар: Дәрі-дәрмектер жөніндегі еуропалық агенттік (ЕМА), Дәрі-дәрмектер және денсаулық сақтау сапасы бойынша еуропалық директорат (EDQM) және АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) құрамында валсартан белсенді заты бар препараттарды нарыққа жібермеу жөнінде шара қабылдаған болатын.

Қазақстанда бұл препаратты ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» жүргізетін кешенді монирингтен кейін сатудан алып тастау жөнінде шешім қабылданды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Линхай провинциясында (ҚХР) орналасқан Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс Ко.Лтд» компаниясы өндірген белсенді субстанция валсартанның құрамында онкологиялық ауруларды тудыратын N-нитрозодиметиламин (NDMA) бар екені анықталған. Халықаралық реттеуші органдардың кеңесі бойынша, Қазақстанда жоғарыда аталған субстанциясы бар препараттар нарықтан шығарыла бастады.

«Валсартан препараттары жүрек-қантамырлары жүйесінің күрделі дерттерін емдеу үшін қолданылған. Оларды қолдануды емдейтін дәрігердің рұқсатынсыз тоқтатпаған жөн», - деп атап өтті ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова.

Оның айтуынша, бұл препараттар жазылған пациенттер басқа дәріге ауыстырып беру үшін тез арада дәрігерге баруы керек. Осылайша, бүгінде Қазақстанның фармацевтикалық нарығында баламалы дәрілік заттар бар. Бұдан басқа, құрамында валсартанның белсенді емес субстанциясы бар дәрі-дәрмектер нарықта қалып отыр және денсаулық үшін қауіпсіз болып табылады.

ҚР Дәрі-дәрмектерінің мемлекеттік тізілімінен препаратға рұқсат етілгенін және шектелгенін тексеруге болады. Ол үшін ДЗСҰО (www.ndda.kz) сайтына кіріп, «Мемлекеттік тізілім» бөлімінен қажет препараттың атауын енгізіп, іздеуге болады.

Соңғы жаңалықтар