+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанда қырыққабат, қызылша және жемістердің бағасы түсті

2019 жылғы 2 тамыз 11:58
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қырыққабат, қызылша және жемістердің бағасы түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылғы шілдеде азық-түлік бағасы 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
200 теңгелік монета айналымға шығады Ақмола облысында инвестициялық өсім 235,8 миллиард теңгені құрады Өзбекстан 3 млн доллар құйған шетелдіктерге 10 жыл тұруға ықтиярхат береді

Қазақстанда нан өнімдері, жарма, ет, балық, теңіз және сүт өнімдері, жұмыртқа, май, көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкогольді ішімдіктерге баға қымбаттап, тисінше ақ қырыққабат, қызылша, қияр, жеміс бағасы арзандаған.

Биыл дәнді дақылдардың бағасында үнемі өзгеріс байқалды. Өткен жылдың дәл осы айында қарақұмықтың орташа бағасы 1 кг үшін 257 теңге болса, биыл шілдеде 240 теңгені құрап отыр. Ал күріш 298 теңгеден, 361 теңгеге қымбаттады.

Шілдеде түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 кг үшін 236 теңге болды, өткен жылы оның құны - 224 теңге болған еді.

Сүт өнімдерінен, сүзбенің орташа бағасы 2019 жылғы шілдеде 1 кг 1549 теңге (2018 жылғы шілдеде - 1550 теңге), қаймақ - 1064 (1027), айран - 287 (278), пастерленген сүт - 242 (218).


Автор: Асхат Ахметбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Әлихан Асқар

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT