Қазақстанда қыркүйекте теннистен бірнеше халықаралық жарыс өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда қыркүйекте Азия теннис федерациясы (ATF) және Tennis Europe сериясы бойынша бірнеше жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 3-19 қыркүйек аралығында Шымкентте ATF сериясы бойынша ең жоғары А санатымен екі және 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санаттағы жарыс болады.

Алматы қаласында сол мерзімде Tennis Europe сериясы бойынша 14 жасқа дейінгілер арасында тағы екі дода ұйымдастырылмақшы.

Бұл турнирлердің ерекшелігі - әр қатысушы кемінде бес матч өткізеді. Бұл ойыншының шеберлігін ұштау үшін маңызды.

«Осындай деңгейдегі жарыстарды сеніп тапсырғаны үшін Азия теннис федерациясы мен Tennis Europe қауымдастығына алғысымды білдіремін. Турнирлерді жоғары деңгейде өткізу үшін бар күшімізді саламыз. Қатысушылардың тамағы мен жататын орны ұйымдастырушылар есебінен төленеді», - деді федерацияның 10-14 жастағы ойыншыларды дамыту жөніндегі менеджері Шухрат Каюмов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Варшава турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар